×

ХОК штаб-пәтері алдында Ресейге қарсы наразылық акциясы өтті

Шерушілер «Ресейсіз Олимпиялық ойындар» деген ұранмен плакаттар алып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 29.03.2023 | 17:16
фото: ашық дереккөз

Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиялық комитеттің (ХОК) алдында наразылық акциясы өтті.

Наразылыққа қатысушылар ресейлік және беларусь спортшыларын 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиялық ойындарға және басқа да халықаралық жарыстарға қатыстырмауды талап етті.  

Шерушілер «Ресейсіз Олимпиялық ойындар» деген ұран жазылған плакаттармен ХОК штаб-пәтеріне дейін 3,5 шақырым жүріп, ХОК демеушілерін ұйымға қысым көрсету үшін өз қызметтерін пайдалануға шақырған. 

Акцияны Швейцариядағы еріктілер мен түрлі коммерциялық емес ұйымдар ұйымдастырған.

ХОК басшысы Томас Бахтың айтуынша, Халықаралық Олимпиялық комитет ресейлік және беларусь спортшыларына халықаралық жарыстарға бейтарап тумен қатысуға рұқсат беруді ұсынған. Бұл ұсыныстар 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қолданылмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама