Halyq Uni логотип
×

Ресеймен шекарадағы «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінің жұмысы тоқтатылды

ҰҚК Шекара қызметі жүргізушілерге ескерту жасады

 Динара Амантай 29.03.2023 | 17:01
Ресеймен шекарадағы «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінің жұмысы тоқтатылды
Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

Су тасқыны салдарынан «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, су тасқыны жағдайына байланысты бүгіннен бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы РФ Челябинск облысының ресейлік «Мариинский» өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылған.

«Желқуар» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді қайта бастау туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.

Көлік құралдарының жүргізушілеріне қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын өзгерту ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама