Halyq Uni логотип
×

Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі AMANAT фракциясының жетекшісі болды

Ол бұған дейін AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды

 Халық үні 29.03.2023 | 15:11
Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі AMANAT фракциясының жетекшісі болды
фото: AMANAT партиясы

Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі болып Елнұр Бейсенбаев сайланды. Жиын барысында оның кандидатурасын партия төрағасы Ерлан Қошанов ұсынып, депутаттар оны бірауыздан қолдады.

Елнұр Бейсенбаев әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы лауазымдарын атқарды. Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды.

Биыл 4 қаңтардан бастап AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, AMANAT сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді. Парламенттің төменгі палатасындағы AMANAT партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.

Сондай-ақ, бірмандатты округ бойынша Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижесіне сәйкес, AMANAT партиясының 22 өкілі жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама