×

Алматыда 9-сынып оқушысы 7 баланың денсаулығына нұқсан келтірді

Ата-анасына қатысты әкімшілік шара қолданылатын болады

 Динара Амантай 29.03.2023 | 15:05
Фото: polisia.kz

Алматыда 9-сынып оқушысы мектеп дәретханасында балоннан бұрыш шашқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Алматы қаласы ПД ЖБО-ға Алмалы ауданында орналасқан №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы қоңырау уақытында дәретханада баллоннан бұрыш шашып, соның салдарынан жанында тұрған оқушылардың денсаулығына зиян келгені туралы хабарлама келіп түскен. Анықталғандай, мектептің 7 оқушысы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізіліп отыр.

Алмалы аудандық ПБ оқушының ата-анасына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127-бабына сәйкес шара қолданатын болады. Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама