Halyq Uni логотип
×

Семейде жылу компаниясына айыппұл салынды

Кәсіпорын күмәнді техника құралдарын пайдаланған

 Дәурен Ерболат 29.03.2023 | 14:03
Семейде жылу компаниясына айыппұл салынды
Фото: semeytke.kz

Семейде «Теплокоммунэнерго» МКК-ға айыппұл салынды, деп хабарлады Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі.

Семейде «Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына ЖЭО-1-де, қазандық және жылу желілерінде 373 тексерілмеген өлшеу құралдарын пайдаланғаны үшін 2,7 млн теңге айыппұл салынды.

Заңбұзушылықтарды СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменті мен Антикордың Семейдегі басқармасы бірлесіп анықтады.

Екібастұздағы, Риддердегі және басқа да маңызды объектілердегі соңғы жағдайды ескеріп, комитет сапалы және сенімді өлшеу құралдарын пайдалану талабын бақылауға алды, - деді комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама