Рыбакина Майами турнирінде 352 635 доллар табыс тауып үлгерді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина тұңғыш рет АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыққаны үшін 352 635 доллар табыс тапты.
Ол 390 рейтингтік ұпайға ие болып үлгерді. Кеше теннисші ширек финалға шыққаны үшін 184 465 доллар табыс тапқан болатын. Сонда ол ½ финалға жолдама алғаны үшін осы сомаға қосымша 168 мың доллар тауып отыр.
Майамиде өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры – 8 800 000 доллар. Турнир жеңімпазы 1 262 220 доллар мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Рыбакина финалға шығу үшін жартылай финалда америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.