×

Асхат Аймағамбетов Үкімет жұмысына баға беруден бас тартты

Экс-министр Мәжіліс депутаты болып сайланды

 Дәурен Ерболат 29.03.2023 | 11:37
Асхат Аймағамбетов, фото: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты болып сайланған экс-министр Асхат Аймағамбетов Үкімет құрамын өзгерту керек пе деген сауалға жауап берді.

Маған бұл сұраққа жауап беру оңай емес. Өздеріңіз білесіздер, мен осы Үкіметтің мүшесі болдым. Әріптес болдым. Сондықтан олардың жұмысын жақсы білемін. Көзге көріне бермейтін ішкі жұмыстарын да білемін. Қазір маған Үкімет жұмысына баға беру – этикаға сай емес, - деді Асхат Аймағамбетов.

Конституциясның 70-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» заңның 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдында Үкіметтің өкілетті тоқтатылады.

Еске сала кетейік, енді премьер-министрдің кандидатурасын Мәжіліс сайлауында ең көп дауыс жинаған партия ұсынуға құқылы. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында айтты.

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, сайлауда Amanat партиясы жеңіске жетті. Партиялар төмендегідей дауыс жинады:

  • Amanat партиясы – 53,90% (40 орын);
  • «Ауыл» партиясы – 10,90% (8 орын);
  • Respublica партиясы – 8,59% (6 орын);
  • Қазақстан халық партиясы – 6,80% (5 орын);
  • «Ақ жол» партиясы – 8,41% (6 орын);
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% (4 орын).

Мәжіліс депутаты болғандардың толық тізімін мына жерден көруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама