Мәселе жаңа Бюджет кодексінде шешімін табуға тиіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді бюджет қаржысын үнемдеуге шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ұлттық қордан бөлінетін трансферт азаймай тұр. Барлық деңгейдегі бюджетті тиімді игеру проблемасы әлі де бар. Сондықтан бізге жан-жақты ойластырылған әрі теңгерімді бюджет саясаты керек.
Биыл Парламент қарауына енгізілетін жаңа Бюджет кодексінің жобасы аталған мәселелерді шешуге бағытталуға тиіс», - деді мемлекет басшысы Парламенттің бірлескен отырысында.