Теннисші биыл қатарынан 12 рет жеңіске жетті
Теннисші Елена Рыбакина алғаш рет АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалда әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кездесіп, оны 1 сағат 12 минутта 6:3, 6:0 есебімен ұтты.
Осылайша, Рыбакина биыл қатарынан 12 рет жеңіске жетті. Енді ол финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе рейтингте 26-орында тұрған ресейлік Анастасия Потапованың біреуімен кездеседі.