×

Қазақстандық танымал әнші жансақтау бөліміне түсті

Ол скутерден құлап кеткен

 Халық үні 29.03.2023 | 06:26
фото: ашық дереккөзден

QURT бүркеншік атымен танымал қазақстандық әнші Дамир Қойшыбаев жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денсаулығы туралы ақпаратты әріптестері желіде жазды. 

Атап айтқанда, әнші QURT-тың жағдайы туралы ақпаратты Скриптонит (Әділ Жәлелов) Instagram Stories-те баяндады. 

«Біздің досымыз Дамир Қойшыбаев (Qurt) жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Кез-келген топтың қаны шұғыл қажет. Алматы, Бұқар Жырау, 47 мекенжайы бойынша орналасқан қан құю орталығында тапсырсаңыздар болады», - деп жазды музыканттың әріптестері. 

Әншінің әріптестері таратқан ақпаратқа сүйенсек, жас жігіт скутерден құлап кеткен. Ақпаратты Tengri Life тілшісіне Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Науқас шынымен ауруханада, жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы туралы қандай да бір ақпарат өзінің не заңды өкілінің рұқсатымен ғана беріледі», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

БАҚ-та жазылғанн ақпарат бойынша, әртіс 22 жаста. Астанада дүниеге келген. Бұрын Скриптонитпен жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама