Айтуынша, экс-әкім оған қымбат сырға тарту еткен
Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы, әнші Динара Әлжан журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұқбатында Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен төсектес болғанын айтты.
Әншінің айтуынша, Шымкенттің экс-әкімі өзіне 20 мың доллар тұратын бриллиант сырға тарту етіп, үй аласың деп 70 мың доллар берген.
Шымкенттегі той кезінде Ғабидолла Рахматуллаевич көмекшілірімен сол тойға келді. Сол кезде қонақүйімнің ақшасын төлей алмай жүрген кезім. Ол тойда маған ұзақ қарап отырды, сосын мені биге шақырды. Кейін мен ол кісімен жақын танысып, ол көмекшесіне хабарласып маған «Rixos» қонақүйінен «VIP» номер алып берді. Келесі күні ол мені ресторанға шақырды. Ғабидолла мырза маған 70 мың доллар берді. Мен ол ақшаға 5 бейнебаян түсірдім және үй алдым, - дейді әнші.
Фото:«Уақыт көрсетеді» бағдарламасынан
Динараның айтуынша, Шымкенттің экс-әкіміне қазақ қыздары емес орыс қыздары қатты ұнайды.
Ол кісіге менің фигурам ұнаған болуы керек. Ол маған айтты «мен сендей әдемі қызды бірінші рет көріп тұрмын, мұндай фигурамен. Қазақстанда бұндай фигура жоқ қой, қалай сонда сен қазақсың ба?» деп айтқан болатын. Ғабидолла мырзамен үш рет кездестім. Бір рет төсек қатынасына түстім. Өте жақсы кісі, нағыз джентльмен жігіт, - деді ол.
Айтуынша, Ғабидолла Әбдірахымов оны Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы болғанын біліп, араласпай қойған.