Қаржы мемлекеттен бөлінеді
2024-2028 жылдары Шығыс Қазақстан, Алматы, Абай, Ұлытау, облыстарында жаңадан 4 тергеу изоляторы салынады. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, әлемдік стандарттарға сәйкес сотталғандарды камерада ұстау тәсіліне көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Бүгінде сотталғандарды камерада ұстайтын 9 мекеме бар. Онда 4 мыңнан аса сотталған адам отыр. Биыл 8 тұрғын блогын қайта жарақтау жоспарланды. Былтыр жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген еді. Тиісті қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде камерада ұстауда отыратындардың үлесі 28%-ға жетті немесе 5,5 мың адам», - деді Жанат Ешмағамбетов.
Жаңадан құрылған мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі аясында 14 абақты салу жоспарда бар.
Қоғамдық қауіпсіздіктің қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес қайта құрылған Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында мемлекеттік бюджет есебінен 4 заманауи тергеу изоляторын салу көзделген. Сондай-ақ мемлекет-жеке меншік әріптестік аясында 14 аралас қауіпсіздіктегі камерада ұстайтын мекеме, 5 тергеу изоляторын салу жоспарда бар, - деді комитет төрағасы.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы түрмелерде деструктивті діни ағым өкілдері жазасын қалай өтеп жатқаны айтылған еді.