Halyq Uni логотип
×

Тәрбиеге көнбейтіндері жеке отырады – ІІМ түрмедегі деструктивті діни ағым өкілдері туралы

Олар басқаларға теріс ықпалын тигізуі мүмкін

 Дәурен Ерболат 28.03.2023 | 17:43
Тәрбиеге көнбейтіндері жеке отырады – ІІМ түрмедегі деструктивті діни ағым өкілдері туралы
Фото: CC0

ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев еліміздегі түрмелерде деструктивті діни ағым өкілдері жазасын қалай өтеп жатқанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде теріс діннің жетегіндегі 343 адам түрмеде отыр

«Құзыретті органдардың шешіміне сәйкес, оларды жеке ұстау керек. Бүгінде біз жаңа сотталғандарды 4 сатыға бөлдік:

  • Бірінші сатыда, тәрбиелеуге көнбейтіндер. Оларды бөлек ұстаймыз әрі арнайы теологтар жұмыс істейді.
  • Екінші сатыда, жұмыс істеуге болатындар. Олар тәрбиеге көнеді.
  • Үшінші және төртінші сатыда, білместікпен адасып, теріс діни ағымның жетегінде кеткендер. Қазір мекемелерде олармен жұмыс істеп жатырмыз», - деді Мейрам Аюбаев.

Оның айтуынша, тәрбиеге көнбеген деструктивті діни ағым өкілдері түрмеде жеке отырады.

Бүгінде тергеу изоляторында «изолированный участок» бар. Сонда қатаң режимде бір-бірімен байланыстырмай, бірінші сатыға жататын сотталғандарды ұстап отырмыз, - деді комитет төрағасының орынбасары.

Ол білместіктен теріс діни ағымның жетегінде кеткен сотталғандармен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«3-4 жыл бойы Заречныйдағы мекемені бақылап отырмыз. Онда төртінші сатыдағы сотталғандар бар. Олармен теологтар, психологтар, имандар сөйлесіп, «бетін бері қаратуға» болады деп айтты. Енді сол мекемеде (дерадикализация орталығы) тиісті жұмысты жүргізіп жатырмыз. Туысқандарымен сөйлесіп, олардың «бетін бері қаратуға» тырысудамыз», - деді Мейрам Аюбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама