Мессидің трансферлік бағасы арзандап кетті
Биылғы жазда оның «Пари Сен-Жерменмен» келісімшарты аяқталады
Футболдан әлем чемпионы, Аргентинаның ұлттық құрамасы командасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Мессидің трансферлік бағасы 16 жылда алғаш рет 50 млн еуродан арзандап кетті.
Осы кезге дейін Мессидің құны 45 млн еуро болған. Сөйтіп, аргентиналық футболшының трансферлік бағасы 2007 жылдан бері алғаш рет 50 млн еуродан арзан болып отыр.
Былтыр қараша айында Transfermarkt Мессиді 50 млн еуроға бағалаған, ал 2018 жылы оның бағасы 180 млн еуро болды.
Биылғы маусымда аргентиналық 35 жастағы футболшы 32 ойында 18 гол салып, 17 нәтижелі пас берген.
Қолда бар мәлметке қарағанда, «ПСЖ» шабуылшысы әкесі әрі агенті Хорхе Мессиден «Барселона» басшылығымен оның каталониялық клубқа қайта оралуы туралы келіссөз жүргізуін сұраған. Ал футболшының өзі клубтың бас жаттықтырушысы Хавимен келісімшарт туралы сөйлесіп жатқан көрінеді.
Ол Францияның клубында 2021 жылдан бері ойнайды. Биылғы жазда Мессидің «Пари Сен-Жерменмен» келісімшарты аяқталады.