×

Жаңаөзенде мұнай-сервистік компаниясының аумағында өрт болды

Өрттің жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрады

 Динара Амантай 28.03.2023 | 17:24
Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Жаңаөзен қаласында ұңғымаларын күрделі жөндеу бойынша қызметтер көрсететін мұнай-сервистік компаниясының аумағында өрт болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 наурызда сағат 18:40-та Жаңаөзен қаласында ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша қызмет көрсететін мұнай-сервистік компаниясының аумағында 1 тонналық 11 пластикалық резервуарларда химиялық реагенттер жанған. Өрт салдарынан ауыр жүк көлігіне (трал) зақым келді. Өрттің жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт кезінде химиялық реагенттер қауіпті газ тәрізді жану өнімдерінің (көміртегі тотығы (CO), азот оксиді (NOx), көмірқышқыл газы (CO2)) пайда болу қаупі туындады. Олар одан әрі бу-газ-ауа қоспаларының пайда болуымен үлкен аумақтарда жарылуы мен таралу қаупін төндірді.

3-дәрежелі өртті жоюға жалпы 17 өрт сөндіру қызметінің қызметкері және 4 техника, сондай-ақ «Семсер - Өрт сөндіруші» АҚ және «Өрт сөндіру қызметі-М» мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Өртті сөндіру кезінде химиялық реагенттер конструкцияларына бір мезгілде салқындату жүргізілді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт сағат 19:13-те жойылды.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Химиялық реагентті сөндіруге 2 ГПС-600 оқпаны беріліп, көбікпен сөндіру жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама