Олардың тарапынан жасалатын қылмыс саны азайған
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев Қазақстанда теріс діннің жетегінде кеткен қанша адамның түрмеде отырғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазір экстремистік, террористік қылмыстар үшін сотталғандардың саны азайып келеді. Жалпы экстремистік, террористік қылмыс жасағаны үшін 343 адам сотталған. Алайда экстремистік идеологияны ұстанатындарды қоссақ, олардың саны 484 болады, - деді Мейрам Аюбаев Сенат комитетінің отырысынан соң.
Оның айтуынша, бүгінде теріс діннің жетегінде кеткендер тарапынан жасалатын қылмыстардың саны азайған.
«Бүгінде бізде 2 есеп бар: таза экстремистік, террористік қылмыспен сотталғандар және Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сотталғандар. Бірақ олардың саны экстремистік қылмыс жасап сотталғандардан асып түспейді. Жалпы экстремистік, террористік қылмыс жасап сотталғандардың өсуі байқалмады», - деді комитет төрағасының орынбасары.