2024 жылға дейін 3,6 мың шақырым жол жаңартылады
Бұл туралы ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Биыл республикалық бюджет қаражатынан 30 млрд теңге бөлінді. Оның есебінен жыл соңына дейін автожолдың бүкіл ұзындығы бойынша қозғалысты қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қазір нысандарда ағымдағы құрылыс маусымына жол-құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді ведомство өкілі.
Оның айтуынша, былтыр республикалық желі бойынша барлығы 11,6 мың шақырым жол жұмыстармен қамтылған.
Оның ішіндегі 4 мың шақырымы құрылыс және реконструкциямен қамтылып, соның 1,2 мың шақырымында негізгі жұмыстар аяқталды. Күрделі және орташа жөндеумен 3 мың шақырым жол қамтылды, 679 шақырымы аяқталды.
Қайта құрылымдау бойынша жұмыстар 17 жоба бойынша жүргізіліп жатыр. Олардың аясында 2024 жылға дейін іске асыру мерзімімен 3,6 мың шақырым жол қамтылатын болады», - деді Амангелді Бек.