Halyq Uni логотип
×

Үкімет отставкаға кеткенде Қаржы вице-министрі тағайындалды

Татьяна Савельева қызметінен кетіп, орнына Абзал Бейсенбекұлы тағайындалды

 Халық үні 28.03.2023 | 15:01
Үкімет отставкаға кеткенде Қаржы вице-министрі тағайындалды
фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Ноттингем университетін (Ұлыбритания), Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2007 жылы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінде бастаған.

2008-2010 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланы дамыту департаменті Білім және ғылымды дамыту басқармасының сарапшысы.

2010-2011 жылдары Қаржы министрлігі әлеуметтік салада бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, олардың атқарылуын талдау және іске асырылуын бағалау департаментінде жұмыс істеді.

2011-2019 жылдары – Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы, консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі және бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2019-2021 жылдары жеке және квазимемлекеттік секторда басшылық қызметтер атқарды.

2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарды.

Бұрын осы лауазымды атқарған Татьяна Савельева қызметтен босатылды.

Еске салайық, 19 наурызда Қазақстан халқы Мәжіліс депутаттарын сайлады. Жаңадан сайланған Мәжілістің алдында Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады – отставкаға кетеді. Жаңа Үкімет құрылғанға дейін олар өз міндеттерін орындайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама