Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында 34 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Олардың кадастрлық құны 25 млн теңгеден асады

 Динара Амантай 28.03.2023 | 13:10
Атырау облысында 34 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Фото: Halyq Uni

Махамбет ауданының прокуратурасы жайылымдық жерлерді мақсатты пайдаланудың заңдылығының жай күйіне талдау жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талдау барысында жерлерді ұзақ уақыт игермеудің көптеген фактілері, сондай-ақ жайылымдарды алған жер пайдаланушыларда малдың болмауы анықталды.

Аудан прокуроры Бағытжан Қалиевтің айтуынша, прокурорлық қадағалау актісі бойынша жергілікті атқарушы орган тиісті шараларды қабылдаған.

Мемлекетке кадастрлық құны 25 млн теңгеден асатын жалпы ауданы 11 мың гектар 34 жер учаскесі қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама