«ҚазТрансОйл» Өзбекстанға Ресей мұнайын жібере бастады
Қара алтынның көлемі – 25 мың тонна
«ҚазТрансОйл» АҚ еліміздің аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына «Омбы – Павлодар – Шымкент – Шағыр мұнай тиеу тірегі» (темір жол цистерналарына тиеу, - ред.) бағыты бойынша транзиттік тасымалдауды бастады. Мұнайды тасымалдау Энергетика министрлігі бекіткен мұнай беру кестесіне сәйкес іске асырылады. Бұл туралы компанияның жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті хабарлады.
Биыл «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Өзбекстан Республикасына ресейлік мұнай транзитінің көлемі 250 мың тонна болады.