×

Қостанай облысында 200 млн теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті (ВИДЕО)

Оны салғандар қазына қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр

 Еркеғали Болатұлы 28.03.2023 | 11:28
фото: видеодан скриншот

Жангелді ауданына қарасты Шилі ауылындағы 2020 жылы салынған бөгет 3 жылға шыдас бермеді. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Қазір шалғайдағы елді мекен тұрғындары ауыз сусыз қалдық деп дабыл қағып отыр. Ал ауылдағы жалғыз құдықтың суы ащы.

Еске сала кетсек, бүгінде сапасыз бөгет салғандарға қатысты қылмыстық іс қалалық сотта қаралып жатыр. Оларға қазына қаражатын жымқырды деген айып тағылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама