Жеңімпаз командаға 100 млн сум сыйақы берілді
Өзбекстанның Сұрхандария облысының Термез ауданында көкпардан өткен халықаралық ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Бұл туралы uza.uz хабарлады.
Өзбекстан Республикасы президентінің 2021 жылғы 5 тамыздағы «Сұрхандария облысында қарабайыр тұқымды жылқыларды өсіру және насихаттау, сонымен қатар, ат спортын одан әрі дамыту шаралары туралы» шешімін іске асыру аясында көкпардан өткен халықаралық ойында Қазақстан құрамасы 1-орынды жеңіп алды.
Жеңімпаз командаға 100 млн сум сыйақы берілді.
2-орынды Қырғызстан командасы иеленсе (75 млн сум), Өзбекстанның Қарабайыр жылқы өнері мектебінің командасы 3-орынды (50 млн сум) қанағат тұтты.