Ресей президенті Владимир Путин бірқатар қазақстандықты Александр Пушкин медалімен марапаттады, деп хабарлады РФ-ның құқықтық ресми интернет-порталы.
Ұлттардың мәдениетін жақындастыруға қосқан жемісті қызметі үшін:
- «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров;
- Шымкент қаласы Орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий;
- «Славяндар» қоғамдық-мәдени орталығының төрағасы Галина Щербакова;
- Наталия Сац атындағы Қазақстан балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Валерия Крымская;
- Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов марапатталды.