×

Жаңаөзен қаласының әкімі тағайындалды

Бұл қызметке Айбек Қосуақов келді

 Халық үні 05.04.2022 | 17:55
фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі тағайындалды.

Бүгін, 5 сәуірде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Мақсат Ибагаровтың орнына жаңа әкім кандидатурасын ұсынды. Президент әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат Айбек Қосуақов болды.

Депутаттар Маңғыстау облысының әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.

Нұрлан Ноғаев өз кезегінде жаңа әкімге Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

АЙБЕК ҚОСУАҚОВ

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша әрі Қонаев атындағы көлік және құқық университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Қаражанбасмұнай» компаниясында оператор ретінде бастаған. 2001-2004 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2004-2006 жылдары «Жазық» АҚ атқарушы директоры болды. 2007 жылдан 2020 жылға дейін «Таушық ауыл шаруашылығы» компаниясының басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2020 жылғы қаңтардан қазірге дейін - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47