Енді теннисші италиялық Мартина Тревизанмен кездеседі
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.
Рыбакина төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған бельгиялық Элиза Мертенспен кездесіп, 1 сағат 46 минутқа созылған ойында 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бұл – теннисшінің қатарынан 11-жеңісі. Енді Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кездеседі.
Мастерс турнирінің жүлде қоры – 8,8 млн АҚШ доллары.