Президент жаңа сайланған депутаттардың алдында сөз сөйлейді
Парламенттің бірлескен отырысы тікелей эфирден көрсетіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді, деп хабарлады Ақорда.
Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар шақырылған.
Парламенттің бірлескен палаталарының отырысындағы президенттің сөйлейтін сөзі 29 наурызда сағат 10:00-де республикалық телеарналардан және әлеуметтік желілерден тікелей эфирде көрсетіледі.