Қызылорда облысында жаппай төбелес болды
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр
Қызылорда облысында жаппай төбелес болып, 8 адам полицияға жеткізілді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 26 наурызда түнгі сағат 02:00 шамасында Қазалы ауданы Әйтеке би кенті Пірімов көшесінің бойында болды.
Полицияға ер-азаматтардың айқай-шу шығарып, бұзақылық жасап жатқаны туралы хабарлама түскен.
Төбелеске қатысқан 8 адам полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға қатысы бар басқа азаматтарды анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағым түспеді, - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Ауданда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың нарядтары күшейтілді.