2 жасар ұл баланы өз әкесі өлтірген болып шықты
Теміртауда кісі қолынан ажал құшқан екі жасар Евгенийдің өліміне қатысты тың деректер анықталды. Баланың жүрегіндегі пышақ жарақатымен бірге қолы да сынған, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі t.me/patriot_patriot арнасына сілтеме жасап.
Баланың ажалы, бұрын хабарланғандай, анасының бірге тұратын көңілдесі емес, туған әкесінен болған. Ол баланың анасымен заңды некеде тұрған. Қолға түскен кезде ол өзінің көктамырын орып жібермек болған.
«Қарағандыда екі күн жұмыс істедім. Аспазбын. Тек жұма, сенбі және мереке күндері жұмыс істеймін. Наурыз мейрамында мені жұмысқа шақырды. Қарағандыда болған кезімде бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп, ұлымды көрдім. Бұл 21 наурыз еді. Содан кейін ұлымды көрмедім, дауысын да естімедім. Қайғылы оқиға 21-22 наурызға қараған түні болуы мүмкін. 22 наурыз күні күйеуім ұлымен бірге күні бойы саябақта болғанын айтты. Ұлыммен сөйлескім келді. Бірақ ол оның ұйықтап қалғанын айтып, баланың ойнап отырған бейнесін жіберді. Оның бұрынғы жазба екенін енді түсініп отырмын.
23 наурыз күні кешке Теміртауға келдім. Қоңырау шалып, «Не істеп жатырсыңдар? деп сұрап едім, ол: «мультфильм көріп отырмыз» деп өтірік айтты. Сол кезде ұлым жоқ екен ғой… «Дүкенге барып келейін, пәтердің кілтін тасташы, есікті өзім ашып кіремін», - дедім. Ол: «жарайды», - деді. Дүкеннен келіп, есікті қақтым, өйткені ол сол күйі кілтті терезеден тастамады. Ешкім есікті ашпады. Сол кезде күйеуім: «Кілт подъездің жанында жатыр» деп жазды. Сыртқа шығып, кілтті алдым. Оған қоңырау шалып: «Сен қайдасың, ұлым қайда?» деп сұрадым. Ол: «Мен қараусыз қалған қаңыраған ғимараттан секіремін, ал ұлың үйде», - деп жауап берді.
Үйге кіріп, бөлмеде қанға бөккен ұлымды көрдім. Қан қатып қалған екен. Демек, ол Женяны 23 наурызда емес, одан бұрын өлтірген сияқты. Ұлымның қолы да сынған», – дейді қайғыдан қан жұтқан ана.
Күдіктіні іздеуге Ұлттық ұлан жауынгерлері мен полиция жұмылдырылған. Көп ұзамай баланың әкесі тоғайдан шығып, өз еркімен берілген. Қолының тамыры кесілген. Көктамырын орып жібермекші болыпты.
«Тергеуде күйеуім әртүрлі жауап берді. «Неге мұны істедің?» деген сұраққа ол: «Есімде жоқ»,- деп жауап берді. Түрмеге түспеу үшін жынды болып көрінгісі келеді», - дейді баланың анасы.