Шымкентте тұрғын үйден 15 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды
Қайғылы жағдай 26 наурыз күні Ерімбетов көшесінің бойындағы үйде болған
Шымкенттегі үйлердің бірінде 15 жасар бала иіс тиіп, көз жұмды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Қайғылы жағдай 26 наурыз күні Ерімбетов көшесінің бойындағы үйде болған. 15 жастағы жеткіншек пен оның 12 жастағы інісіне иіс тиген.
Бұл туралы ҚазТрансГазАймақ кәсіпорнының Шымкент өндірістік филиалынан хабарланды.
12 жастағы бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Ал оның ағасы оқиға орнында мерт болған. Оқиға орнына жеткен апат бригадасы көптеген келеңсіздіктерді анықтады.
«Су жылытатын құрылғының түтін шығатын құбыры қабырға арқылы сыртқа шығарылған және оның жан-жағы полиэтилен пакетпен бекітілген. Су жылытатын құрылғының мұржасы түтінді сыртқа тартпайды. Үй ішіндегі газ құрылғыларына қызмет көрсететін мекемемен келісім жасалмаған»,- делінген газбен қамтамасыз ету компаниясының хабарламасында.