Respublica төрағасы Айдарбек Қожаназаров партиядан Мәжіліс депутаты болып сайланғандардың есімін жариялады.
«Бүгін ОСК Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады. Respublica партиясы 547 154 дауыс жинап, 8,59% көрсеткішпен Парламенттің төменгі палатасына 6 мандат алып, үшінші орынға ие болды.
Мәжілісте біздің партиямыздың атынан шығатын депутаттар - мен, партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, партияның тең төрағалары - Динара Шүкіжанова мен Руслан Берденов, сондай-ақ Динара Наумова, Нұргүл Тау және Олжас Құспеков», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.