Патрульдік полиция қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты 1986, 1993, 1994 және 2000 жылғы 4 ер адамды ұстады
Атырауда ер адам отбасылық жанжалдан соң қолына пышақ ұстап көшеге шыққан.
Бұл туралы бүгін, 27 наурызда Іnstagram әлеуметтік желісінде видео тарады.
Желі қолданушылары аталған оқиға орай түрлі пікір білдірді.
«Патрульдік полиция қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты 1986, 1993, 1994 және 2000 жылғы 4 ер адамды ұстады. Олардың арасындағы отбасылық жанжал өзара келіспеушіліктен туындағаны анықталды», -делінген облыстық ПД хабарламасында.
Ұсталған 4 ер адам Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілген.