×

Оңтүстік Кореяның Инчхон әуежайында Қазақстан азаматы ұсталды

Тағы бір адамды іздестіру жалғасып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 27.03.2023 | 17:50
фото: aex.ru

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткенін хабарлады.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, бұған дейін Корея Республикасына кіруге тыйым салынған Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз шығып кеткен.

Олардың бірін кейін жергілікті полицейлер ұстады. Екіншісін іздестіру жалғасып жатыр, – делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Бұл азаматтар Оңтүстік Кореяға 24 наурызда Ташкенттен Koreanа ұшағымен келіп, депортация рейсін күтіп тұрған.

Бұл оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамның наразылығын тудырды. Жергілікті БАҚ-та жарияланды. Бұл болашақта Кореяның құқық қорғау және иммиграциялық органдарын Қазақстан азаматтарының елде заңсыз болуымен белсенді күресуге және қазақстандықтар үшін елге кіру тәртібін қатайтуы мүмкін, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

21 қаңтарда 41 жастағы ресейлік әйел де Қазақстан шекарасын кесіп өткісі келген кезде ұсталған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама