Талдықорғанда ер адам танысын пышақтап тастады
Күдікті азамат қамауға алынды
Талдықорғандық полицейлер өз танысын өлтірді деген күдікпен қала тұрғынын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Талдықорған қаласының шетінде кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған 72 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдікті анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
52 жастағы жергілікті тұрғын аса ауыр қылмысқа күдікті ретінде танылды. Ол өз сөзінде кісі өлтіруді жәбірленушімен бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде жасағанын түсіндірді, – деп хабарлады Талдықорған полициясы.
Қылмыс орнынан тәркіленген пышақ айғақ ретінде тергеу материалдарына тіркелді. Күдікті қамауға алынды.