Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылып отыр.
Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады. Сайлау қорытындысына сәйкес, партиялар төмендегідей дауыс жинады:
- Amanat партиясы – 53,90% (40 орын);
- «Ауыл» партиясы – 10,90% (8 орын);
- Respublica партиясы – 8,59% (6 орын);
- Қазақстан халық партиясы – 6,80% (5 орын);
- «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% (Мәжіліске өтпеді);
- «Ақ жол» партиясы – 8,41% (6 орын);
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% (4 орын).
Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты мандатын иеленген кандидаттардың тізімін жариялады:
- Астана қаласы – Дәулет Тұрлыханов, №2 сайлау округі бойынша Дәулет Мұқаев;
- Алматы қаласы – Ермұрат Бапи, Ерлан Стамбеков, Бақытжан Базарбек;
- Шымкент қаласы – Данабек Исабеков, Болатбек Нәжметдинұлы;
- Абай облысы – Нұртай Сабильянов;
- Ақмола облысы – Айна Мысырәлімова;
- Ақтөбе облысы – Қазыбек Әбішев;
- Алматы облысы – Ардақ Назаров, Данияр Қасқарауов;
- Атырау облысы – Әділ Жұбанов;
- Батыс Қазақстан облысы – Абзал Құспан;
- Жамбыл облысы – Мұқаш Ескендіров, Гүлдара Нұрымова;
- Жетісу облысы – Руслан Қожасбаев;
- Қарағанды облысы – Құдайберген Бексұлтанов, Арман Қалықов;
- Қостанай облысы – Еркін Әбіл;
- Қызылорда облысы – Мархабат Жайымбетов;
- Маңғыстау облысы – Еділ Жаңбыршын;
- Павлодар облысы – Амантай Жарқынбек;
- Солтүстік Қазақстан облысы – Еркебұлан Мамбеков;
- Түркістан облысы – Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Темір Қырықбаев;
- Ұлытау облысы – Ерболат Сатыбалдин;
- Шығыс Қазақстан облысы – Лұқбек Тұмашинов.