×

Тоқаев жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы 29 наурызда Астанада өтеді

 Халық үні 27.03.2023 | 17:17
фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылып отыр.

Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады. Сайлау қорытындысына сәйкес, партиялар төмендегідей дауыс жинады:

  • Amanat партиясы – 53,90% (40 орын);
  • «Ауыл» партиясы – 10,90% (8 орын);
  • Respublica партиясы – 8,59% (6 орын);
  • Қазақстан халық партиясы – 6,80% (5 орын);
  • «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% (Мәжіліске өтпеді);
  • «Ақ жол» партиясы – 8,41% (6 орын);
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% (4 орын).

Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты мандатын иеленген кандидаттардың тізімін жариялады:

  • Астана қаласы – Дәулет Тұрлыханов, №2 сайлау округі бойынша Дәулет Мұқаев;
  • Алматы қаласы – Ермұрат Бапи, Ерлан Стамбеков, Бақытжан Базарбек;
  • Шымкент қаласы – Данабек Исабеков, Болатбек Нәжметдинұлы;
  • Абай облысы – Нұртай Сабильянов;
  • Ақмола облысы – Айна Мысырәлімова;
  • Ақтөбе облысы – Қазыбек Әбішев;
  • Алматы облысы – Ардақ Назаров, Данияр Қасқарауов;
  • Атырау облысы – Әділ Жұбанов;
  • Батыс Қазақстан облысы – Абзал Құспан;
  • Жамбыл облысы – Мұқаш Ескендіров, Гүлдара Нұрымова;
  • Жетісу облысы – Руслан Қожасбаев;
  • Қарағанды облысы – Құдайберген Бексұлтанов, Арман Қалықов;
  • Қостанай облысы – Еркін Әбіл;
  • Қызылорда облысы – Мархабат Жайымбетов;
  • Маңғыстау облысы – Еділ Жаңбыршын;
  • Павлодар облысы – Амантай Жарқынбек;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – Еркебұлан Мамбеков;
  • Түркістан облысы – Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Темір Қырықбаев;
  • Ұлытау облысы – Ерболат Сатыбалдин;
  • Шығыс Қазақстан облысы – Лұқбек Тұмашинов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама