×

Өзбекстан құрамасы алғаш рет Оңтүстік Американың командасын ұтты

Енді Сречко Катанецтің шәкірттері 28 наурызда Венесуэламен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 27.03.2023 | 16:29
фото: sports.ru

Футболдан Өзбекстанның ұлттық құрамасы Сауд Арабиясында өткізіліп жатқан оқу-жаттығу жиыны кезінде Боливия командасымен жолдастық кездесу өткізіп, қарсыластарын 1:0 есебімен ұтты. Бұл туралы uza.uz хабарлады.

Матчта команда капитаны Элдор Шамуродов 36-минутта жалғыз голдың авторы атанды. Ол ұлттық құрама сапындағы голдар санын 34-ке жеткізіп, Максим Шацкихтің рекордын қайталады.

Енді Сречко Катанецтің шәкірттері 28 наурызда Оңтүстік Американың тағы бір өкілі – Венесуэлаға қарсы кездесу өткізеді. 

Матчта Өзбекстан футболшылары допқа 36 пайыз, ал Боливия 56 пайыз иелік етті. Өзбектер қақпаға қарай үш рет соққы жасап, соның біреуін торда тулатты.

Бұған дейін Өзбекстан құрамасы Ташкентте еліміздің бас командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал Өзбекстанның жастар құрамасы (U20) 19 наурызда Азия чемпионатының финалында Ирак командасын 1:0 есебімен жеңіп, құрлық чемпионы атанған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама