Кальянға арналған темекінің кедендік құны 620 млн теңгеден асады
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Алматы қаласында кальянға арналған темекінің экономикалық контрабандасын жасаған азамат Э.Ражаповқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Іздестіру барысында жалпы салмағы 185 тонна кальянға темекіні Түркиядан Алматы қаласына заңсыз әкелу дерегі анықталды. Темекі мақта иірімжібінен жасалған мата түрінде әкелінген.
Тергеу барысында Э.Ражаповтың жалған құжаттарды қолданғаны, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу үшін дұрыс декларацияламағаны дәлелденді.
Кальянға арналған темекінің кедендік құны 620 млн теңгеден асады.
Э.Ражапов 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Тәркіленген заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды.