Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Алматыда екі жүргізушінің арасында жанжал туындап, олардың бірі қарсыласының бетінен тапаншамен атқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық ПБ ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушісінің арасында ауызша жанжал туындап, салдарынан олардың бірі қарсыласының бетінен тапаншамен атқан.
Күдікті полицияға жеткізілді. Оның атына тіркелген «ИЖ» газ тапаншасы қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді.