Halyq Uni логотип
×

Биыл көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақының мөлшері артты

Жыл басынан бері 535,3 мың отбасы 66,9 млрд теңге жәрдемақы алды

 Динара Амантай 27.03.2023 | 11:51
Биыл көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақының мөлшері артты
Фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 535,3 мың отбасы жалпы сомасы 66,9 млрд теңге мөлшерінде қамтылды. Оның ішінде ақпан айында 538 мың отбасына 33,8 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді.

Көпбалалы отбасындағы:

- 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр бала үшін 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде төленеді.

Еске сала кетсек, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың 3 негізгі бағыты аясында енгізілген.

Биыл 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама