Күдіктінің бұл қаруды қалай алғаны анықталып жатыр
Абай облысында полиция қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тапты, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицейлер Аягөз ауданының тұрғынын ұстады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде 4 патроны бар 12 калибрлі Вепрь-12, атуға жарамды 62х39 мм резеңке оқтар (зауыттық тәсілмен жасалған), соққыға қарсы қорғаныс қалқандары, тапаншаға арналған қабы бар белдік және арнайы құралдар тәркіленді, - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.