Арнайы операция барысында 100 келіден аса героин тәркіленді – ҰКК (ВИДЕО)

Дәурен Ерболат

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның Ішкі істер министірлігімен бірлесіп, арнайы операция жүргізді, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолы кесілді

ҰҚК қызметкерлері жедел зерделеу барысында есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны туралы ақпаратқа қол жеткізді.

Кезең-кезеңімен есірткіні тасымалдаудың жолдары мен оны жасырын әкелудің схемалары анықталды.

Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткіні өткізудің ұйымдастырушысы болып саналатын шетелдіктің Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды.

Комитет қызметкерлерінің және «А» арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматыда 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды, - деп жазылған комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Материал сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.