×

Футболдан Дания құрамасының бас бапкері күтпеген мәлімдеме жасады

Нәтижеге көңіліміз толмайды

 Халық үні 27.03.2023 | 07:50
фото: prosports.kz

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстаннан жеңілген Дания құрамасының бас бапкері ойын жайында пікірін білдірді. 

Айта кетсек, қазақстандық футболшылар елордада Даниядан 3:2 есебімен басым түсті.

Даниялық бас бапкері Каспер Юльманн ойынның соңғы минуттарында өз құрамасының нашар ойын көрсеткенін атап өтті.

«Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтаймын! Нәтижеге көңіліміз толмайды. Ойынның басым бөлігінде жақсы ойын көрсеттік. Ал соңғы 15 минут біз үшін өте қолайсыз болды. Бұл тактикаға қатысты емес. Көңіл-күйге байланысты. Бұл көрсеткіш соңғы рет қайталанып отыр деп ойлаймын», - деді ол.

Енді Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді.

Бүгін Н тобында, сондай-ақ Словения – Сан-Марино, Солтүстік Ирландия – Финляндия құрамалары кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама