×

Ақтөбе облысында теміржолға шығып кеткен көлікті пойыз соқты

Пойызда мұнай компаниясының жұмысшылары болған

 Еркеғали Болатұлы 26.03.2023 | 18:15
фото: diapazon.kz

24 наурызда Жем қаласына кіре берістегі теміржол өткелінде пойыз бен «Нива» автокөлігі соқтығысқан.

«Диапазон» басылымының мәліметінше, пойызда мұнай компаниясының жұмысшылары болған.

Мұлғаржар ауданында болған жол апаты салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тергеу амалдары басталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін наурыз айының басында осы өңірде жолаушылар пойызы мен локомотив соқтығысып қалған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама