Энергетика министрі бұйрығының жобасы талқыға шығарылды
Энергетика министрінің бұйрығы бойынша мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағалар белгіленбек.
Онда қосылған құн салығын ескере отырып, бағаларды мынадай мөлшерде белгілеу көзделген:
1) Аи-80 маркалы бензин – тоннасына 93 161 теңге;
2) Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – тоннасына 193 649 теңге;
3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге.
Ашық НҚА порталындағы талқылау 30 наурызға дейін жалғасады.