×

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі

 Еркеғали Болатұлы 26.03.2023 | 12:00
фото: phonoteka.org

Бүгін таңертең Астанадағы қосалқы стансалардың бірінде өрт болып, салдарынан 23 тұрғын үй жарықсыз қалды.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, сағат 8:20-да қуаты 110/10 кВ болатын «Заречная» қосалқы стансасында секцияны ажыратқыш ұяшықтар өртеніп, салдарынан №1 және №2 қуаттық трансформаторлар апаттық жағдайда тоқтатылған.

Сағат 8:40-та қосалқы стансаға өрт сөндіруші топ келіп, тілсіз жауды сөндіруге кірісті. Сағат 9:40-та өрт ауыздықталды. Технологиялық ақаудың себептері анықталып жатыр. Апаттан кейін қалпына келтіру бригадалары өртенген қондырғыларды ауыстырып, сынақтан өткізеді, - деп жазылған ресми мәліметте.

Соның салдарынан қаладағы А. Байтұрсынұлы, Б. Момышұлы, Керей-Жәнібек хандар, Ә. Бөкейхан, Түркістан, Мәңгілік ел көшелері мен Телман кентіндегі 23 тұрғын үй кешеніне электр энергиясын беру шектелген.

Енді ол үйлерге жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қазақстанда Әдеп жөніндегі үздік уәкілдер анықталды

Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті
09.06.2023 | 14:07

Президент Босния және Герцеговина Президиумының төрағасымен кездесті

Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді
09.06.2023 | 13:51

Қуантыров Қазақстанның санкцияларды айналып өтетін аумақ еместігін ескертті

Жалпы, санкция салатын – сіздер, зардап шегетін – біз, - деді министр
09.06.2023 | 13:34

Қазақстанда терроризмді қаржыландыруға қарсы жүйе қалыптасқан – халықаралық сарапшылар

Өзара бағалау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы стандартты мониторингке қойылды
09.06.2023 | 13:13