Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
Ресей президенті Владимир Путин Беларусьте тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысы 1 шілдеге дейін аяқталатынын айтты.
3 сәуірден бастап экипаждарды оқытуды бастаймыз. Ал 1 шілдеде аумақта тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысын аяқтаймыз, - деді ол «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында.
Онда стратегиялық шабуыл қаруларын одан әрі қысқарту және шектеу жөніндегі шаралар туралы шарт (ДСНВ, СНВ-III) бойынша міндеттемелерді бұзбай, тактикалық ядролық қару орналастырылатыны атап өтілді.
Путиннің айтуынша, мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған. Сондай-ақ ол Беларусь Ресейдің ядролық қаруын өз аумағына орналастыруды бұрыннан сұрап жүргенін атап өтті.