Ақтаудағы сұмдық жағдай: оқиғаға не себеп болғаны белгілі болды

Халық үні

Алдын ала болжам бойынша, кісі өлтіру дерегі отбасы жанжалынан туындаған

Фото: Маңғыстау облысы ПД

Ақтауда полиция кәмелетке толмаған үш перзентін өлтірген ер адамды ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

27-шағын ауданда көпқабатты үй пәтерінен 7, 9 және 12 жастағы балалардың мәйіті табылды. Күдіктінің 36 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Жантүршігерлік оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, кісі өлтіру дерегі отбасы жанжалынан туындаған.

«2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - дейді қалалық ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Әйгерім Ибадуллаева.