26-28 наурызда елдің солтүстігінде күннің күрт жылынуына байланысты бірнеше өңірдегі өзендер суы тасуы мүмкін
26-28 наурызда елдің солтүстігінде күннің күрт жылынуына байланысты бірнеше өңірдегі өзендер суы тасуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қостанай облысының басым бөлігінде қар жылдам еріп, мұздық құбылыстардың әлсіреуі жалғасады. Бұл ретте өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі болуы мүмкін.
Сонымен қатар Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында да температуралық фонның жоғарылауына және жауын-шашынның түсуіне байланысты өзендер суы тасуы ықтимал.