Жергілікті билік түбектің тұрғындарына радиодан есткерту берген
Украинаның барлау қызметі Ресей армиясы бөлімшелерінің Қырым түбегінен асығыс кетіп жатқанын анықтады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Барлау басқармасының мәліметіне сүйенген аталған сайттың хабарлауынша, Ресей әскерінің командованиесі Қырымдағы жылжымайтын мүліктерін белсенді түрде сатып жатыр. Эвакуцияның өзі соңғы күндері қарқынды жүргізілуде.
Осы жетіде радиодан жергілікті билік Қырымның тұрғындарына түбектен кетуге дайындала беру керектігі туралы есткерткен. Бұл хабарлама бірнеше рет берілген. Бұл хабарды Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы да растап отыр.