Олардың бірі денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді
Қарағанды облысында құтқарушылар 30-ға жуық адамды қар құрсауынан эвакуациялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 наурызға қараған түні Қарағанды облысы Осакаров ауданында жергілікті маңызы бар «Приишимское ауылы – Шоқай кенті» тас жолының бойында жолаушылар мінген автобус қар құрсауында қалған. Астана – Алматы бағытымен келе жатқан автобус Осакаровкадан 50 шақырым жерде тоқтаған.
Оқиға орнына ТЖД күштері жіберілді.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар автобустан 28 адамды,оның ішінде бір баланы Осакаровка ауылына эвакуациялады. Жолаушылардың бірі денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді. Қалғандары медициналық көмекті қажет етпеді.
Қарағанды облысы ТЖД ауа райы қолайсыз болған кезде түнгі уақытта алыс жолға шықпауға кеңес береді.